Филиппин: Содырлар Сулу өлкесінің 16 тұрғынын өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің оңтүстігінде мұсылмандар мінген жолаушылар автобусына содырлар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Филиппин әскерилері бұл қылмысқа «Әл-Каидамен» байланысы болуы мүмкін «Абу Сайяф» исламшыл тобының содырларының қатысы бар екендігін айтуда.
Шамамен 40 адамнан тұратын содырлар отряды Сулу өлкесінің тұрғындарын Ораза айт мерекесін тойлауға апара жатқан 2 автобусқа автоматтан оқу жаудырған. Филлипин билігінің ақпаратына қарағанда, өлгендер арасында «Абу Сайяф» содырлармен күресте әскерге тұрақты көмек көрсеткен 4 жасақшы да бар.