03:28, 19 Қазан 2015 | GMT +5
Филиппин жеріне алапат күшті дауыл сағатына 250 км жылдамдықпен төніп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің Лусон аралдар архипелагында "Коппу" тайфуны «лаң салып» жатыр. Оның жылдамдығы 250 км/сағ-ты құрайды.

1 адам қаза тауып, 15 мың жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгені туралы ақпарат бар. Бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Таңертеңнен бері желдің күші біршама азайған, - деп хабарлайды Би-би-си.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы екі-үш күн ішінде Филиппинде нөсер жаңбыр жауады, түскен жауын-шашынның қалыңдығы 1 метрден асады деп болжанып отыр. Осының салдарынан көшкін жүру қаупі артпақ.