Филиппинде 200-ге тарта адам су тасқынының құрбаны болды

АСТАНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат - Филиппинде құтқарушылар нөсер жаңбыр салдарынан болған күшті су тасқынынан зардап шеккендерді алып шығуға әрекет жасауда,

Филиппинде 200-ге тарта адам су тасқынының құрбаны болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.

Апта бойы толастамаған табиғат апатының салдарынан 200-ге жуық адам құрбан болды. Құтқару операцияларына әскерилер қатысуда, олар жолдарды лай батпақтан және үйінділерден тазартуға көмектесіп, жолы қиын аудандарға қажетті көмектерді жеткізуде.