09:02, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Филиппинде 80-нен астам адам «Пабло» дауылының құрбаны болды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филиппинде 80-нен астам адам «Пабло» дауылының құрбаны болды, жарақаттанғандардың саны 100-ден асты, деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.

Боф халықаралық классификациясы бойынша, Пабло дауылы елдегі ірі Минданао аралының жағалауына 4 желтоқсан күні құйындай түсті. Ол соңғы 20 жыл ішінде Филиппиннің оңтүстігіндегі ең күшті дауылдардың бірі болды.
Алапат дауыл 56 мың адамды өз үйлерін тастап кетуге мәжбүрледі. Желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрайды. Дауыл ондаған ғимаратты қиратты, электр қосынының жүйлерін зақымдады, әуе, теміржол және паромды көліктердің қозғалысын тоқтатты.