Филиппинде аптап су қоймасын құрғатып жіберді

АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері құрғақшылық болуының салдарынан Филиппиннің басты Ангат су қоймасы түгелдей дерлік құрғап кетті, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Филиппинде  аптап су қоймасын құрғатып жіберді

Үкімет аспанға йодты күміс бүркіп, жасанды жаңбыр жауғызуға пәрмен берді. Ел астанасының 3,5 миллионға жуық тұрғыны су тапшылығын бастан кешіріп отыр, жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін.