Филиппинде автобустың көпірден құлауы салдарынан 20-дан астам адам опат болды

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маниланың маңындағы ірі автокөлік апатынан кем дегенде 21 адамның өмірі қиылып, 20-ға жуығы жарақат алды.

Филиппинде автобустың көпірден құлауы салдарынан 20-дан астам адам опат болды

Полиция өкілдерінің мәліметінше, жолаушылар автобусы көпірдегі жолақтан шығып кетіп, өтіп бара жатқан автофургонның үстіне құлады. Бұл қайғылы оқиға дүйсенбі таңертең орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ауа райы себеп болған, яғни жаңбыр салдарынан жол үстіндегі тайғақтан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.