Филиппинде балаларды жаппай вакциналау шаралары жүріп жатыр

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Филиппиннің «Хайян» тайфунынан зардап шеккен жерлерінде балаларға жаппай вакцина егу шараларын жүргізуде.

Филиппинде балаларды жаппай вакциналау шаралары жүріп жатыр
Таклобан қаласындағы орталықтарда және басқа да өңірлерде 30 мыңнан астам адам қызылша мен полиомиелитке қарсы екпелерді алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, баспанасыз қалған балалардың жұқпа ауруларына шалдығуының тәуекелі жоғары.