Филиппинде бір миллионнан аса оқушыға денге безгегіне қарсы вакцина егілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин өкіметі денге безгегіне қарсы вакцина егуді бастады, деп хабарлады 24.kz.

Филиппинде бір миллионнан аса оқушыға денге безгегіне қарсы вакцина егілді

Осы кең ауқымды бағдарлама аясында 9 жастан асқан бір миллионнан аса оқушыға вакцина егіледі.
Елдің денсаулық сақтау министрі Дженет Гаринның мәлімдеуінше, бұл - елдің медициналық қамсыздандыру саласындағы тарихи қадам.
2015жылы Филиппинде 200 мыңнан аса адамға денге безгегі жұққан.

Адам денсаулығына қауіпті бұл ауруды масалар таратады. Жалпы әлем бойынша, жыл сайын 390 миллион адам денге безгегімен ауырады.

- Вакцина егу арқылы біз денге безгегін жұқтыру қауіпін 93%-ға қысқартамыз. Бұл - өте үлкен жетістік. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің басты артықшылығы - осы, деді вакцина шығарушы компанияның вице-президенті Гийом Лерой.