Филиппинде бір сағат ішінде екі жарылыс болып, 14 адам көз жұмды

None
None
ХОЛО. ҚазАқпарат – Филиппинде 2 жарылыс болып, кем дегенде 14 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппиннің оңтүстігіндегі Сулу провинциясының астанасы Холо қаласында бір сағат ішінде екі бомба жарылды. Салдарынан кемінде 14 адам көз жұмып, 75 адам зардап шеккен.

Филиппин президентінің баспасөз хатшысы Родриго Дутерте елде болған терактілерді айыптап, бұл осы жылдағы ең қайғылы оқиға деді.

Қазіргі кезде билік қанды оқиғаларды ұйымдастырғандарға қатысты тергеуді жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram