Филиппинде болған жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар жайлы мәлімет жоқ, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғалиға сілтеме жасап.
«Департаментке зардап шеккен қазақстандықтар жайлы ақпарат және туроператорлардан штаттан тыс жағдайлар туралы мәлімдеме түскен жоқ.
Қазір Филлипин аумағында Қазақстаннан барған туристер көп емес», - деп хабарлады ол.
Департамент ИДМ-мен байланысып, жағдайды бақылауда, Марат Иғали Филлипиндегі қазақстандықтарға қауіпсіздік талаптарын сақтауды, жергілікті билік нұсқауларын ұстануды ұсынды.
Атап өтсек, 11 ақпанда Филлиппин оңтүстігінде магнитудасы 6,7 балл жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 4 адам дейін қайтыс болып, 120-дан астам адам жараланғаны айтылуда. Алдын ала дерек бойынша жер сілкінісінен Суригао қаласының ғимараттары мен құрылыстары зардап шеккен. Тұрғын үйлер мен әуежай зақымданды. Цунами қаупі жайлы хабарланған жоқ.