Филиппинде «Гленда» тайфунынан қаза тапқандар саны 38-ге жетті (ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде "Гленда" тайфунынан (халықаралық классификация бойынша - "Рамассун") қаза тапқандар саны 38-ге жетті, бесеуі із-түзсіз жоғалған, деп жазады ria.ru.

Филиппинде «Гленда»  тайфунынан қаза тапқандар саны 38-ге жетті  (ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ)

Осыған дейін 20 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған.

Дагупан қаласының оңтүстік-батысынан 380 шақырым жерде бейсенбі күні таңертең сағатына 130 км/сағ, кейде 160 км/сағ жылдамдықпен жүйткіген тайфун болған. "Гленда" Оңтүстік Қытай теңізі арқылы сағатына 24 км жылдамдықпен Қытайдың оңтүстік провинцияларына қарай бет алған.

Табиғи апат салдарынан жарты миллионнан астам филиппиндіктер үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір олар қайта оралуда. Ағаштар мен бағаналардың құлауынан бұзылған электр таратушы және электр жабдықтаушы жүйелер Лусон аумағының жартысында ғана қалпына келтірілді.

Жыл сайын маусым айынан желтоқсанға дейін Филиппин архипелагында ондаған тайфун болады. Өткен жылдың қараша айында тарихтағы ең көп залал келтірген "Хайянь" ("Йоланда") супертайфуны өткен. Оның салдарынан 1,1 млн. үй түгел және жартылай бұзылып, 4 млн. адам баспанасыз қалған. 6,3 мың адам қаза тапты, мыңнан астамы із-түзсіз жоғалды. Материалдық шығын 2 млрд. доллардан астам сомаға бағаланды.