Филиппинде «Хагупит» тайфунына байланысты 1 млн. адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің орталығымен өтетін «Хагупит» тайфунының салдарынан үйін тастап кетуге мәжбүр филиппиндіктер саны дүйсенбі күні таңертең бір миллионнан асты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Қазіргі уақытта тайфунның алғашқы лебі Ромблон аралынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде және ол сағатына 10 км жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай бет алған. «Хагупит» сәл бәсеңдеп, ондағы жел жылдамдығы сағатына 120 километрді құрады, кей жерлерде жылдамдығы сағатына 150 километр болды.

Айта кетейік, жыл сайын жауын-шашын маусымында, маусым айынан желтоқсан айына дейін Филиппинде шамамен 20 дауыл мен тайфун болады. Алайда ел тарихында ең көп зардап әкелгені супертайфун «Йоланда» (халықаралық классификация бойынша «Хайянь»). Бұл апат салдарынан қаза тапқандардың саны бүгіннің өзінде артып келеді. Қазір ол 6,3 мыңнан асты.

Мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған болып есептеледі. Супертайфун 1,1 миллион үйді бұзып, 4 миллион адамды баспанасыз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар