Филиппинде қуатты жер сілкінісі болып, адамдар зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Филиппиннің оңтүстігіндегі Миндао аралында болған 5,8 магнитудалық жер сілкінісінің салдарынан 25 адам зардап шекті, ондаған құрылыстар қираған. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппинде қуатты жер сілкінісі болып, адамдар зардап шекті

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 4:45-те Кантилан муниципалитетінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 км қашықтықта сезілген.

Филиппин билігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің салдарынан кемінде 25 адам зардап шекті. Сондай-қ шіркеу, өрт сөндіру станциясы сияқты ғимараттар бұзылып, тұрғын үйлер қираған.

Филиппинді басқару, қауіп-қатерлер мен қайғылы жағдайларды азайту жөніндегі Ұлттық кеңестің мәлімдемесінде көптеген үйлер мен ғимараттардың қирағандығы айтылады. Сондай-ақ көптеген үйлердің қабырғалары жарылған.

Зілзала әсіресе Карраскал, Кантилан, Кармен, Мадрид, Лануза пен Кортес ауылдарына көп зардабын тигізген.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілді.