Филиппинде «Мелор» тайфунынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде ойран салған «Мелор» тайфуны құрбандарының саны тағы артты, деп хабарлады www.24.kz.

Филиппинде «Мелор» тайфунынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті

Соңғы мәліметтер бойынша, мұнда 41 адам көз жұмған. Бұған дейін тек 9 тұрғынның қазасы жайлы хабарланған еді. Із-түзсіз жоғалып кеткен тағы 4 адамның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.

Қазір дауылдың беті қайтқан. Дегенмен мыңдаған тұрғын үйіне орала алмай, эвакуация орталықтарын паналауға мәжбүр. Өйткені өзімен бірген нөсер алып келген тайфунның соңы тасқынға ұласып, мыңдаған ғимаратты су басып қалды.

Жергілікті билік табиғи апаттың шығынын 20 млн долларға бағалап отыр. Фото:politeka.net