Филиппинде «өрмекші адам» - Ален Робер биік ғимаратқа шыққаны үшін ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық биікке өрмелеуші, көпшілікке «өрмекші адам» ретінде танылып кеткен Ален Робер сейсенбі күні Филиппиндегі Макати қаласында зәулім ғимаратқа шыққаннан кейін ұсталды. Бұл туралы Philippine Daily Inquirer газеті жазды.
None
None

Басылымның дерегі бойынша, Робер биіктігі 217 метрден асатын G.T. International Tower мұнарасына шыққан. Бұл ғимарат елдегі ең биік үйлердің ондығына кіреді. Француз мұнараға шығуды жергілікті уақытпен 10:40-та бастады.

Биікке шыққан «өрмекші адамды» полиция күтіп тұрды. Кейін оны бөлімшеге алып кетті. CNN телеарнасы хабарлағандай, Роберге ғимаратқа заңсыз кіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айып тағылуы мүмкін.

Робер бұдан бұрын арнайы қорғаныс құралдарынсыз биік ғимараттарға шығудағы жетістігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген еді.

Соңғы жаңалықтар