00:02, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Филиппинде оянған жанартау бес адамның өмірін қиды
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Филиппинде Майон жанартауының оянуы салдарынан кем дегенде бес адам қаза болды.

Бұл туралы ВВС хабарлады.
Биіктігі 2,5 шақырым Майон өңірдегі белсенді жанартау болып табылады. Жанартаудан күл мен тау жыныстары тау бөктерінде 20-ға жуық адам жүрген кезде атқылай бастаған.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, кем деген жеті адам жарақат алды. Сонымен қатар жанартауға өрлеп шығуға бекінген бір топ адам оқшауланып қалған. Аталған тауға құтқарушылар тобы аттанды.