Филиппинде содырлар 10 индонезиялық теңізшіні кепілге алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде «Әл-Каидамен» байланысы бар «Абу Сайяф» тобының содырлары кемеге шабуылдап, экипаждың он мүшесін кепілге алды.

Кепілге алынғандар - Индонезия азаматтары, деді елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Арманата Насир.

Оқиға демалыс күндері орын алды. Кеме Борнео аралынан Филиппинге көмір апара жатқаны хабарланды. Кейбір хабарламаларда кемені де басып алғаны, кейіннен оның жағалаудан табылғаны жайлы айтылады.

Насир хабарлағандай, сенбіде кемедегілерге өзін экстремистік топ мүшесімін деп атаған адам байланысқан. Ол адамдарды босату үшін миллион доллар көлемінде ақша талап еткен.

«Ұрылар кеме иесінен ақша талап етуде. 26 наурыздан бастап олар екі рет байланысқа шықты», - деген Насирдің сөзін келтірді Ассошиэйтед пресс агенттігі.

«Әл-Каидамен» байланысы бар «Абу Сайяф» тобы Филиппиннің оңтүстік бөлігінде мекен тепкен.

Соңғы жаңалықтар