Филиппинде су тасқыны құрбандарының саны 240 адамға жетті

АСТАНА.  Қыркүйектің 29-ы.  ҚазАқпарат -   «Кетсана»  тропикалық    дауылының салдарынан     Филиппинде  орын  алған  су  тасқынының     құрбандарының саны 240 адамға жетті,

Филиппинде су  тасқыны   құрбандарының саны 240 адамға жетті

деп     хабарлады сейсенбі күні Франс  Пресс агенттігі   ел үкіметінің  мәліметтеріне сілтеме  жасап.  Бұған дейін  140 құрбан туралы хабарланған болатын.

Үкіметтің ақпараты  бойынша, 370 мыңнан  астам филиппиндік    су тасқынынан    адам өміріне  төнген     қауіпке  байланысты  үйлерін тастап,     босқындар лагеріне барып  паналауға мәжбүр болған.    Су  тасқынынан  барлығы 600 мыңнан  астам   адам  зардап шеккен.

Филиппин үкіметі  дүйсенбі күні  халықаралық  қоғамдастыққа үндеу тастап,     апат  салдарын  жоюға көмек  сұраған болатын.

Ел орталығы  Манилада  және        басқа   қалаларда  қыркүйектің  27-сінде төтенше жағдай  жарияланды.   Су тасқыны мен   дауылдың салдарынан  Манила әуежайларының  бірінің  жұмысы  уақытша  тоқтатылды, көптеген  рейстер     ауыстырылды,   қалада  бірнеше  шақырымға созылған  кептелістер  орын алуда.

Филиппинге      қыркүйектің 26-сында төнген  «Кетсана»   дауылы   өзімен бірге су тасқыны мен   лай көшкінін ала келді.   Алты сағаттың ішінде   арал-мемлекетке   340 миллиметрден  астам  жауын   жауды.      Жыл  сайын     арал-мемлекетте  20-ға жуық тайфун мен тропикалық дауылдар  болып тұрады. Бірақ    мұндай  нөсер жауын  Филиппинде   соңғы рет 1967 жылы   жауған.