Филиппинде суға батқан танкерден мазут төгілді
Tassагенттігінің мәліметі бойынша, танкерде 800 мың литр мазут болған.
Елдің Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі Мария Антонио Юло-Лойзагтың айтуынша, мазуттан пайда болған дақ Пол, Пинамалаян, Глория және Бонгабонг муниципалитеттерінің жағалауына жеткен.
«Princess Empress атты танкерде өндірісте қолдануға арналған 800 мың лит мазут тиеулі болған. Кеме суға батып, теңіз бетінде алып дақ пайда болған. Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі Мария Антонио Юло-Лойзагтың айтуынша, оқыс оқиға Шығыс Миндоро провинциясының аумағында болған. Оның сөзінше алып дақ бес бірдей муниципалитеттің жағалауына жеткен. «Төгілген мазут оңтүстікке қарай қалқып бара жатқанға ұқсайды», - деген хабар таратты жергілікті CNN Philippines телеарнасы.
Мамандар дақ тараған 12 орыннан сынама алып жатыр. Үкіметтің болжамына сүйенсек, алып дақ радиусы 40 шақырым аумаққа әсерін тигізуі мүмкін. Ертең мамандар дақ тараған аудандардың халқымен кездесіп, оқиғаның зиянын есептемекші.