Филиппинде тропикалық дауыл 20 адам өліміне себеп болды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Филиппинде «Вуконг» тропикалық дауылы салдарынан кемінде 20 адам көз жұмды, 20 мыңнан астам адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Филиппинде тропикалық дауыл 20 адам өліміне себеп болды

Циклон мемлекеттің орталық бөлігіне тиді. «Вуконг» тайфундай қатты болмағанымен, онымен ілескен желдер 5 мыңға тарта тұрғын үйді қиратты.  Жексенбі күні апаттан зардап шеккендерге арналған уақытша лагерде 23 мың адам жиналды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 4 адам із-түссіз жоғалған.

Қазіргі таңда ел үкіметі бұған дейін болған «Бофа» тайфунынан зардап шеккендерге көмектесуде. Оның салдарынан елде 1,9 мың адам қаза тапты және із-түссіз жоғалып кеткен.