Филиппинде тропикалық дауыл бес адамның өмірін қиды

МӘСКЕУ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Филиппиндегі тропикалық дауылдың салдарынан кемінде бес адам қаза болды,

Филиппинде тропикалық дауыл бес адамның өмірін қиды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Қаза болғандардың арасында дауыл кезінде теізге шығып, торнадо кемесін аударып кеткен төрт балықшы бар. Ал тағы бір адам Бантаян аралының жағалауында суға кеткен.

Желдің күші секундына 90 шақырымға жеткен дауыл ондаған үйлерді қиратып кетті, бірнеше адам жараланды. Бұл - Филиппинде ағымдағы жылы көтерілген алтыншы дауыл.