Филиппинде тропикалық дауылдың салдарынан 11 адам опат болды

МАНИЛА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат – Филиппиннің солтүстік-шығысында болған тропикалық дауылдың салдарынан 11 адам опат болды, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Филиппинде тропикалық  дауылдың салдарынан 11 адам опат болды
Құтқару қызметінен хабарлағанындай, дауыл түнде, адамдар ұйықтап жатқан кезде болған, таудан лай көшкіні жүріп, 12 тұрғын үйді басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиейтед Пресс» агенттігіне сілтеме жасап. Қазір оқиға орнында лай көшкіні астында қалған адамдарды іздеу амалдары жалғасуда.