Филиппинде жол апатынан жеті адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Филиппиннің солтүстігінде жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол бойындағы мейрамханаға соқтығысқан. Салдарынан жеті адам мерт болып, бесеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Синьхуа.

Филиппинде жол апатынан жеті адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Жергілікті полицияның мәліметіне қарағанда, сәрсенбі күні 06:00-де ел астанасы Маниланың  оңтүстігінде 120 шақырым қашықтықта орналасқан Батангас провинциясында қант құрағын әкетіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол бойындағы мейрамханаға соқтығысқан, сондай-ақ мейрамхана маңында тұрған бес автомобильді жаншып өте шыққан.

Апат салдарынан мейрамханадағы төрт адам оқиға орнында, үшеуі ауруханада қаза тапса, зардап шеккен бесеуі ауруханаға жеткізілген.

Полиция апаттың мән-жайын хабарлаған жоқ. Тек жүк көлігі жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткені және іздеу салынғаны мәлім болды. 

Фото: © AFP 2018 / Jay Directo