Филиппинде жылдамдығы 87 м/с болатын «Хайян» тайфуны ұйытқып тұр

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Филлипин халқын «Хайян» тайфуны әбігерге салуда. Мамандардың пайымдауынша, бұл дауыл метеобақылаулар тарихындағы ең қуаттысы болмақ. Тіпті рекордты «Камилла» мен «Алленнен» да асып түсетін түрі бар.
None
None

«Хайян» тайфунының күші жағалауға жеткенде секундына 87 метрді құрады. Желдің екпіні 105 метрді көрсеткен. Салыстыру үшін «Камилла» мен «Аллен» тайфундарының күші секундына 84,7 метр болғанын атап өтейік.

Кесапат тиген аудандардан тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды newsru. com. Дүлей дауыл Филиппиннің астанасы Манилуға жетпейді деп болжануда.

Weather Underground американдық жекеменшік метеорологиялық компаниясының маманы Джефф Мастерстің пікірінше, дауылдың шығыны қисапсыз болмақ. Дегенмен, сарапшының айтуынша, дауыл қатты жылдамдықпен келе жатыр, сондықтан жауын-шашынсыз өте шығуы да мүмкін. Филлиппинде адамдар көбінесе жауын-шашыны аралас дауылдардан қаза болып жатады. Сондықтан адам шығыны аз болуы мүмкін деп болжайды американдық метеоролог.

Болжам бойынша, «Хайян» тайфуны бүгін-ертең осы аралда ұйытқып, кейін Вьетнам мен Лаосқа қарай ауысады.

Соңғы жаңалықтар