Филиппиндегі Минданао университетінде жарылыс болды

Филиппиннің оңтүстігіндегі Марави қаласындағы Минданао университетінде болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, тоғызы жараланды, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

жарылыс
Фото: pixabay.com

ABS-CBN News хабарлағандай, жарылыс католиктердің мерейтойы кезінде болған. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты. 

«Минданао университетінің қауымдастығы бүгін таңертең діни жиын кезінде болған оқиғадан кейін әлі күйзелісте отыр. Біз бұл жантүршігерлік әрекетті ұйымдастырған адамдарды барынша қатаң түрде жазалауын сұраймыз және құрбан болғандар мен олардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайынбыз», - делінген университет хабарламасында. 

Аталған оқу орнының әкімшілігі сабақтардың тоқтатылғанын хабарлап, кампусты күзету үшін онда қосымша қауіпсіздік қызметкерлерін орналастырды.