Филиппиндегі Азия чемпионатында қазақстандық балуандар командалық есепте әйелдер күресінен бірінші, еркін және грек-рим күрестерінен екінші орын алды

 АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше грек-рим, еркін және әйелдер күрестерінен Филиппиннің Манила қаласында аяқталған  жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 4 алтын,
None
None

 4 күміс, 8 қола медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шілденің 9-ы күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада әйелдер күресінен Болат Нұрмахамбетов жаттықтыратын қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен командалық есепте бірінші орынға ие болды. Онда Зульфия Яхъярова (51 килә) - Азия чемпионы,Татьяна Костюкевич (67) - күміс, Гүлмира Ысқақова (48) мен Татьяна Захарова (63) қола жүлдегер атанды. 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген еркін күрес шеберлері Иран құрамасынан кейінгі жүлделі екінші орынға көтерілді. Онда Саятбек Оқасов (60 килә) - алтын, Жанболат Мағзұмов (74) пен   Мұса Мамедов (120) - күміс, Марғұлан Жүсіпов (50), Дәулет Ниязбеков (55), Ғани Ізмағамбетов (96) қола медаль алды.  Грек-рим күресінің шеберлері де 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен командалық есепте екінші орын алды. Сондай-ақ Артур Үмбетқалиев (50 килә) пен Досжан Қартықов (74) - алтын, Мәди Жарболов (55) - күміс, Ербол Киікбаев  (60), Ренат Нығматуллин (66) және  Жандарбек Қабдолов (96) қола жүлде олжалады.

Соңғы жаңалықтар