Филиппиндегі «Хагупит» тайфунынан 2,4 миллион адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде "Хагупит" тайфунынан 2,4 миллион адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.

Филиппиндегі «Хагупит» тайфунынан 2,4 миллион адам жапа шекті

Тайфун Филиппиннің орталығымен өткен. Төтенше жағдайларды басқару бойынша Ұлттық кеңестің (NDRRMC) деректерінше, апат салдарынан 9 адам қаза тапты, алайда Халықаралық Қызыл кресттің ұлттық бөлімшесі 27 адам ажал құшқанын хабарлаған. 480 адам жарақаттанды, 900-ден астам үй бұзылды, соның ішінде 420-сы толық қираған.

Табиғат апаты кезінде жауған жауыннан елдің орталығында көшкін мен сел жүрді. Бұл электр энергиясының өшірілуіне әкеп соқты. Теңіз бен әскери көліктің жұмысы бүгінде қалпына келтірілуде.