Филиппиндегі «Сарика» дауылына байланысты 12 мыңнан астам тұрғын көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин билігі елдің солтүстігіне жақындаған қуаты жағынан үшінші санаттағы «Сарика» дауылынан 12,5 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлады Рейтер агенттігі.
None
None

Метеорологтардың мәліметтеріне сәйкес, жағаға жеткенше дауыл жылдамдығы сағатына 150 шақырымнан 130 шақырымға төмендеген, деп жазды РИА Новости. Әзірге «Сарика» батысқа, Оңтүстік Қытай теңізіне қарай жылжуда.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, дауыл екі адмның өмірін қиды.

Сонымен бірге, мамандар сенбі күні Гуам аралының оңтүстігінде пайда болған «Хаима» дауылын да бақылауда, болжам бойынша «Хаима» дүйсенбі күні Филиппин аралдарына жақындауы мүмкін.

Табиғи апатқа байланысты, филиппиндік әуе компаниялары халықаралық және ішкі рейстердің бір бөлігін тоқтатты, 6,5 мыңнан астам жолаушы теңіз порттарында тұрып қалды. Сарапшылардың айтуынша, биыл «Сарика» Филиппин үшін жылдың ең жойқын дауылы атануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар