Филиппиндегі тайфун құрбандарының саны 5,6 мың адамға жетті
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филиппиндегі алапат "Хайян" тайфуны құрбандарының саны 5,6 мың адамға жетті, 1,7 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен.
Бұл туралы төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық кеңес мәліметінде айтылды. Бұрын табиғи апаттан 5,5 мың адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
"Хайян" тайфуны бүкіл метеорологиялық бақылау тарихындағы күшті дауылдардың бірі болды. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, жарты миллионнан астам адам тайфунның салдарынан үйсіз қалып, қазіргі уақыттта ашық аспанның астында өмір сүріп жатыр.