Филиппиндегі тайфунның құрбандары 5,7 мың адамға жетті
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филиппиндегі «Хайян» жойқын тайфунының құрбандары 5796 адамға дейін жетті. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткендердің саны 1,8 мың адамды құрап отыр. Бұл жайында осы елдің Төтенше жағдайларда басқару бойынша ұлттық кеңестің мәліметінде хабарланып отыр.
Бұдан бұрын 5,5 мың адамның өмірі қиылғандығы айтылған болатын. Атап айтқанда, жарақат алғандар 27 мыңнан асып түсті.
Табиғи апаттан 4 миллионға жуық филиппиндік баспанасыз қалып, көшіру орталықтарында қазіргі кезде 100 мыңға жуық адам орналастырылды.
ВВС-дің жазуынша, тайфун 600 мыңнан астам үйді толығымен шайып өтіп, 610 мыңын бүліншілікке ұшыратты.