Филиппиндегі жер сілкінісі: төрт адам қаза тауып, жүзден астамы жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің оңтүстігінде 6,5 балдық жер сілкінісі орын алды, салдарынан төрт адам қайтыс болып, 120-ға жуық адам түрлі жарақаттар алды.
Филиппин сейсмологтарының деректеріне сәйкес, жерасты дүмпуі 100 рет қайталанған.
Жер сілкінісінің кіндігі Суригао провинциясы астанасының солтүстік-батысына қарай 14-ші шақырымда орналасқан. Тереңдігі 11 шақырым.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, жүздеген ғимараттар зақымданып, жерасты дүмпулері барынша қатты сезілген Суригао провинциясында электр жарығы өшті.