Филиппиндік делегат: Қазақстандағы Халықаралық олимпиада - информатика әлеміндегі маңызды оқиға

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатика пәнінен өтіп жатқан XXVII Халықаралық олимпиада (OIO-2015) - информатика әлеміндегі маңызды оқиға.
None
None

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Филлиппиннен келген команданың жетекшісі Мартин Гомез мәлімдеді.

«Біз бұл олимпиадаға ең мықты деген оқушыларымызды алып келдік. Бүгін өтіп жатқан бірінші турда олардың қабілет-қарымы анық байқалады. Біздің командамыз өте мықты. Сондықтан жүлделі орындарға қол жеткізуге үмітіміз зор. Бұл жерде қазақстандық қатысушыларды да айта кеткен жөн. Менің естуімше, олар өте дарынды балалар. Енді лайықты қарсыластарымыздың бар екендігіне мен тек қуанамын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетелік, бұл олимпиадаға әлемнің 86 елінен 630-дан астам делегат қатысуда. Бүгін сағат 14.00-де алғашқы тур аяқталды. Оған қатысушылар осы турда алынған тапсырмалар мен олардың нәтижелерін талқылау үстінде.

Қазақстанның атынан бұл пәндік бәсекеге информатикадан өткен Еуразиялық олимпиаданың күміс жүлдегерлері Данияр Маминов, Өмірзақ Мейрамбек, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбек қатысып жатыр.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі алдағы 1 тамызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар