Филиппинге атақты «Ноул» тайфуны жақындап келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің солтүстік-шығыс ауданының тұрғындары «Ноул» тайфунына әзірлік үстінде.
Жел сағатына 180 шақырым соғады.
Тайфун Лусон аралына жақындап қалды.
Исабел мен Кагаян провинциясының билігі хабарлағандай, жағалау маңындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, байланыс үзілуі мүмкін кей аудандарға азық-түлік қоймалары орнатылды.
Тайфун қаупіне байланысты бірнеше авиарейстер кейінге қалдырылып, кеме қатынасы тоқтады.
Бұдан басқа, 10 мыңнан астам адам Лусон аралындағы Булусан жанартауы атылуы мүмкін аумақтан көшірілді.