Филиппиннің энергетика саласында төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 24 наурызда Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші Батыс Азиядағы қақтығыстардың салдарынан энергетика саласында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады, деп жазды Синьхуа.
Ф. Маркос қол қойған жарлықта «төтенше қаупінің пайда болуы елдің энергетикалық қамтамасыз етілуіне қауіп төндіреді» деп көрсетілген.
Жарлыққа сәйкес, отын, азық-түлік және дәрі-дәрмек сияқты негізгі тауарлардың тұрақты жеткізілуін және бөлінуін бақылау, сондай-ақ өмірлік маңызды қызметтер, көлік және денсаулық сақтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы комитет құрылған.
Бұған дейін хабарланғандай, Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Жапония 26 наурыздан мемлекеттік мұнай қорын босатуды бастайды.