Филипс компаниясы 2012 жылдың қорытындысы бойынша дизайн саласында 124 марапатқа ие болды
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы дизайн саласы бойынша Филипс компаниясы рекордтық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Халықаралық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемнің ең ықпалды халықаралық ұйымдары оның тұтынуды жарықтандыру және денсаулық сақтау салаларындағы 60-тан астам өнімдері мен жобаларын 124 марапатпен бағалады.
Халықаралық RoyalPhilipsElectronics компаниясының штаб-пәтері Нидердандының Эйндховен қаласында орналасқан. Дүниежүзінің 100-ден астам елінде оның 122 мың қызметкері бар. Ол әлемде кардиология үшін құрал-жабдықтар жасау, энергиялық тиімді жарық техникалық шешімдердің инновациялық жарықтандыру жүйесіндегі көшбасшылардың бірі саналады.