Филлиппинде «Ваши» дауылы 650-ден астам адамның өмрін қиды
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Филиппинде соғып өткен «Ваши» дауылының құрбаны 650 адамнан асты. Әсіресе елдің оңтүстігінегі жағалаулық Минданао аралы апаттан едәуір зардап шекті, деп хабарлады РБК агенттігі.
Жергілікті тұрғындарды құтқару жұмыстарына филиппин армиясының бірнеше мың жауынгері қатысуда. Бүгінгі таңда архипелагтың 800-ге тарта тұрғын хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Сарапшылардың айтуынша, орасан көп адамның қаза болуының себебі: су тасқыны түнде арал тұрғындары ұйықтап жатқан кезде болған. Ауа райының нашарлауына байланысты электр жарығы өшіп қалып, тұрғындарды әбігерге салды.
«Ваши» тропикалық дауылының салдарынан нөсер жаңбыр жауып, Минданао аралының және бірнеше аралдардың аумағын су басты. Бұдан бұрын жексенбі күні, 18 желтоқсанда дауыл Қытайдың оңтүстік жағалауына ойысуы мүмкін деп хабарланған болатын. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, дауыл кіндігінде желдің күші сағатына 90 шақырымға жетті.