Фин ІТ-компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз - ҚР Президенті

None
None
  ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Фин ІТ-компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгін Финляндияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

«Қазақстан экономиканы жедел жаңғыртуға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағыт алды. «Цифрлық Қазақстан» арнайы мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы орайда инновациялық экожүйені дамыту бойынша экономика салаларын цифрландыру жобаларын жүзеге асыру маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті елімізде Назарбаев Университеті, Инновациялық технологиялар паркі сынды инновациялық кластерлер қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрғанын баса айтты. Астанада жаңа Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі ашылатындығын еске салды.

«Аталған саладағы фин компанияларының тәжірибесін ескере болсақ, бұл біздің ынтымақтастығымыз үшін келешегі зор алаң бола алар еді. Біз фин компанияларына жұмыста барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

Сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті. 

Жүздесу барысында Мемлекет басшысы Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа темір жол бағдары ашылатындығын мәлім етті. 

Ал ертең  Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар