Фин шығанағында таңғажайып мұз шарлар пайда болды

None
None
None

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фотограф Александр Абросимов Фин шығанағындағы таңғажайып табиғи құбылысты суретке түсірді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Шығанақ жағалауы диаметрі 5-10 см құрайтын мұз шарлары пішінінде қатып қалған. Олар бір-біріне тіреліп тұрған. Сарапшылардың айтуынша, олар бұрын табиғаттағы мұндай құбылысты көрмеген. Мамандардың ойлары бір жерден шықпай, бұл құбылысты түсіндіре алмай отыр.

«Мүмкін шығанақ толқыны жағалаудағы қарды орап, кейін ол қатып қалған болар, - деген пікірін биолог Михаил Галицкий білдірді. - Бірақ олардың көлемі неліктен бірдей екені түсініксіз».

Саяхатшы-ботаник Сергей Мигулиннің пікірінше, бұл қарапайым тас болуы мүмкін. «Менің ойымша, жұмыртқа тәрізді қатып қалған бұл шарлар қарапайым тастар, - дейді Мигулин. - Олардың бір жерде тұрғаны ерекше құбылыс, әрине».

Ғаламтор пайдаланушылары бұл түсініктерге сенбейді. Блогерлер Фин шығанағында табиғаттың таңғажайып құбылысы пайда болды деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар