Финдер хоккейден әлем чемпионы атанды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Финляндия құрамасы Әлем чемпионатының финалында швед хоккейшілеріне ешқандай мүмкіндік бермей, оларды 6:1 есебімен ойсырата жеңді, сөйтіп чемпион атанды, деп хабарлады РБК.

Финдер хоккейден әлем чемпионы атанды

Шайбалардың елеулі бөлігін финдер қарсыласының қақпасына ойынның соңғы, үшінші кезеңінде салды. Айта кетер жәйт, төртінші және бесінші шайбаның арасындағы үзіліс небәрі бірнеше секундты құрады.

"Ал финдердің Ресей құрамасымен ойынына баға берген Хоккейден Ресей құрамасының бас бапкері Вячеслав Быков Славакияда өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында финдердің ресейлік хоккейшілерді әділ жеңгенін мойындады", - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" басылымы.