Финдер сұлыдан жасанды ет өндіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Gold & Green Foods стартабы түрі, түсі бұқтырылған шошқа етіне, ал дәмі тауық етіне ұқсас «сұлы етін» жасап шықты. Бұл ретте «сұлы сүзбесі» деп аталатын өнім дәнді-дақылдар мен баданадан жасалған, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Сұлы әуелі тазартылып, белгілі бір температураға дейін қыздырылады, одан кейін баданамен араластырылады. Содан шыққан дайын өнімге дәнді-дақылдарда жетіспейтін аминоқышқылдар қосылады.
Хельсинкидегі мейрамханалардың бірінде жаңа өнім көпшілікке таныстырылды, онда келгендер «сұлы сүзбесінен» дайындалған гамбургерлер мен котлеттердің дәмін татып көрді.
Жылдың соңында стартап дайын өнімді Финляндия мен Швеция дүкендеріне жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша алдағы уақытта жасанды еттен кез келген тамақ әзірлеуге болады.