Финляндия ең тұрақты ел деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Fund for Peace қорының нұсқасы бойынша Финляндия әлемдегі ең тұрақты ел болып танылды, деп хабарлады Росбалт.

Финляндия ең тұрақты ел деп танылды

Қор жыл сайын мемлекеттің құлау қаупі индексі жөнінен елдердің рейтингісін жасайды.

Сарапшылар, атап айтқанда, адам құқықтарының қорғалуы, халыққа көрсетілетін қызметтер сапасы, байлықтың бөлінуі және әр елден келген босқындар саны сияқты деректерді ескереді.

Финляндия биыл төртінші рет қатарынан әлемнің ең тұрақты елі атанып отыр. Осындай орнықты елдердің қатарында Швеция аталды. Ресей елдің тұрақтылығы жағынан 85 орынға шығып, «өте қауіпті» деп бағаланды.

Әлемнің ең тұрақсыз елі болып, Оңтүстік Судан аталды. Бұдан бұрын осы орында алты жыл бойы Сомали болып келген еді.

Fund for Peace 178 мемлекеттің рейтингісін оныншы рет жариялап отыр.