Финляндия мектептерінде жазбаша жазуды міндетті оқытудан алып тастамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фин мектептерінде 2016 жылғы күзден бастап жазбаша жазуды міндетті оқытудан алып тастауды жоспарлауда, деп хабарлады Deutsche Welle.

Финляндия білім беру министрлігі оқушыларға дәптерде жазбаша жазғанша, компьютерде пернетақтамен әріптерді теруге көп уақыт арнаған жөн деп санайды.

Бұл ретте фин балалары жазған кезде қаламсап мен қарындашты пайдалана береді, ал сабақ үстінде олар тек баспа әріптерімен жазуды қолға алатын болады.

Қазіргі уақытта Германияның кей федералдық аймақтарында бастауыш сынып оқушыларына тек баспа әріптерімен жазуға рұқсат етілгені атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram