Финляндия премьер-министрі босқындарға үйін босатып беруге әзір екенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндия премьер-министрі Юха Сипиля өзінің жеке меншігіндегі үйін Еуро одақтың өзге елдеріне үлгі болуы үшін миграттарға босатып беруге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Финляндия премьер-министрі босқындарға үйін босатып беруге әзір екенін айтты

Сипиляның айтуынша, Кемпеледегі оның үйі босқындарға пана болуға жарайды. Осы мәлімдемесі арқылы премьер-министр финн халқын мұқтаж жандарға бейжай қарамауға шақырды. Бұған дейін, Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Ференц Дьюрчань босқындарды өз үйіне шақыратынын айтып, алғашқы келушілерді қабылдап жатқанын жазған. Жыл басынан бері Финляндияға 7 мың босқын келіп, саяси баспана сұрады, олардың дені Ирактан.