16:17, 29 Қазан 2025 | GMT +5
Финляндия президенті қазақ тарихына қатысты жәдігерлермен танысты
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Ақорда.
- Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды, - делінген ақпаратта.

Мемлекеттер басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Александар Лукашенкомен сөйлесті.