Финляндия Президенті Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық жасайтынына сенім білдірді
ХЕЛЬСИНКИ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Финляндия 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық жасайтынына сенімді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Төрағалық Қазақстанның өзі үшін де, Ұйым үшін де, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның қарым-қатынасын одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратын болады», деді бүгін Хельсинкиде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Финляндия Президенті Тарья Халонен ханым. Т. Халонен әріптесі Н. Назарбаевты Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтынымен құттықтағанын атап көрсетті. «Төрағалыққа қатысты Финляндия достық қолдауы мен көмегін ұсынды. Өйткені жуырда ғана біздің ел (2008 жылы) осы функцияны яғни, ЕҚЫҰ-ның төрағасы қызметін атқарды», деді Финляндия Президенті.