Финляндия тұрғыны Eurojackpot лотереясының 61,2 млн. еуро жүлдесін ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның оңтүстігіндегі Эспоо қаласының тұрғыны Eurojackpot еуропалық лотереясының 61,2 млн. еуро мөлшеріндегі рекордтық жүлдесінің иесі атанды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Финляндия тұрғыны Eurojackpot лотереясының  61,2 млн. еуро жүлдесін ұтып алды

Бұл туралы Veikkaus мемлекеттік лотерея компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасап финдік Yle телерадиокорпорациясы хабарлаған.

Финн ұтыс билетін интернет арқылы сатып алған. Телерадиокоропорацияның атап өтуінше, ұтысын алу үшін оның Veikkaus кеңсесіне келуінің қажеті жоқ, барлық сома оның есепшотына аударылады.

Лотереяның 137 мың доллар тұратын екінші жүлдесі де Финляндияға кетті. Бұл - финляндықтар ұтқан төртінші ұтыс. Алғашқы рет олар 2013 жылғы қаңтарда 29 миллион еуро көлеміндегі еуропалық лотереяның джекпотын иеленген болатын.

Eurojackpot алғашқы тиражы 2012 жылғы көктемде болды. Осы лотереяның ұтысы тиражына Финляндиядан басқа тағы 13 еуропалық мемлекет қатысады.