Финляндия туристер үшін ең қауіпсіз ел

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндия туристер үшін ең қауіпсіз ел болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігінің материалдарына сілтеме жасай отырып.
None
None

Бұл мәліметтер Бүкіләлемдік экономикалық форум сарапшылары құрастырған саяхат пен туризм салалары бойынша бәсекелестік жөніндегі жаһандық баяндамадан алынған.

Жылына екі рет жарияланатын рейтингті құру барысында қылмыстық әрекеттердің статистикасы жасалады. Соның ішінде зорлық-зомбылық әрекеттері мен террористік қауіптер және жергілікті полиция қызметкерлері қамтамасыз ететін қауіпсіздік деңгейі назарға алынған.

Әлем бойынша туристер мен саяхатшылар үшін қауіпсіз саналатын елдердің қатарында екінші тұрған ел - Катар. Біріккен Араб Әмірліктері осы уақытта тұрақсыздық жайлаған Таяу Шығыста орналасқандығына қарамастан, қауіпсіз мемлекеттердің арасында үшінші орынға жайғасқан. Одан әрі Исландия, Австрия, Люксембург, Жаңа Зеландия, Сингапур, Оман, сияқты елдер орналасқан. Үздік ондықты Португалия аяқтап тұр.

Ресей бұл тізімде 123-ші орында тұр. 

Соңғы жаңалықтар