Финляндияда 1786 жылы салынған ағаш шіркеуді өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндиялық Юливиеска қаласында сенбі күні ағаш шіркеу ғимараты отқа оранды. Бұл туралы Kaleva басылымы жазды.

Финляндияда 1786 жылы салынған ағаш шіркеуді өртеп жіберді

Оның мәліметінше, шіркеудің шатыры құлап, жалын оның мұнарасына жетті. Шіркеу ғимаратының жанында қалалық емхана мен стационар орналасқан.

Финляндиялық полиция атап өткендей, шіркеуді қасақана өртеген.

Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ұлты финн жас жігіт өз кінәсін мойындады.

Шіркеу 1786 жылы салынған. Шіркеу бастығының айтуынша, ғимаратты қайта қалпына келтіру мүмкін емес.