Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Финляндияда араб тілін мектеп бағдарламасына енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндия мемлекетінің тарихында тұңғыш рет жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына араб тілі пәні енгізіліп отыр.

Финляндияда араб тілін мектеп бағдарламасына енгізді

Дегенмен, оқушылар шет тілі пәні ретінде араб немесе қытай тілін таңдауға құқылы, деп хабарлайды muslim.kz.

«Бізге көптен бері ата-аналар тарапынан араб тілін оқыту туралы ұсыныс түсіп келген еді. Ал, енді курсқа тіркеу басталғаны сол-ақ екен, айналасы бірер сағаттың ішінде  толып қалды», - дейді Хельсинкидегі лицейлердің бірінің директоры Сирпа Ялканен.

Араб тілінің алғашқы сабақтары биылғы оқу жылынан бастап жүргізілмек. Әзірге тәжірибе ретінде елдегі бірнеше мектепте ғана оқытылатын болады. Дегенмен, жоспар бойынша, алдағы 5 жыл ішінде араб тілі Финляндияның 300 жалпы білім беретін мектептерінде негізгі пәнге айналмақ.