Финляндияда ату жазасы бейнеленген монетаға қатысты дау шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияда елдің 100 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық монетаға қатысты дау шықты. Тиынның бір бетінде азаматтық соғыс тұсында адамдарды ату кезі бейнеленген, деп хабарлайды yle.fi .

Финляндияда ату жазасы бейнеленген монетаға қатысты дау шықты

Елдің қаржы министрі Петтери Орпо Монета сарайы шығарған мерейтойлық монетаны айналымнан алып тастайды деген ойда.

«Монета сарайы мерейтойлық монетаны меніңше сәйкес келмейтін бейнемен шығарғанын естігенде аң-таң болдым. Бұл іс тәуелсіздігіміздің 100 жылдығына орай көңіл күйге келе ме? Мен бұл монета айналымнан алып тасталады деген үміттемін», - деп мәлім етті Орпо парламентте.

Орпоның айтуынша ақша шығаруға қатысты шешімді қаржы министрлігі қабылдайды, алайда оның бет-бейнесіне арнайы көркемдік комиссиясы жауап береді.